Жең ұшынан жалғасу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

"Жең ұшынан жалғасу"' — жұртқа дабыра етпей өз мақсаттарына, мүдделеріне сай жасырын келісу. Ертеректе базардың ішінде сатушы мен алушыны кездестіріп, мәмілеге келтіруші адамды делдал деп атаған. Сатушы мен алушыны келісімге келтіру үшін делдал олардың жеңінің ішінен қол сұғып жіберіп, саусақтарды ұстап, бүгіп-жазу арқылы түрлі ишара білдіріп, айтатын санын сатушыға да, алушыға да көрсетпей келістіреді. Міне, осыны "жең ұшынан жалғасу" деп атаған. Кейін дәстүрлі қазақ қоғамындағы жесір дауы, жер дауы кезінде, екі жақтың беделді билері мен ақсақалдары өзара астыртын бітімге келіп, өздеріне тиісті үлесін алған соң, істі дабырайтпай тындыра салатын болған. Мұны да "жең ұшынан жалғасу" деп атап, ымыраға келтіруші, бітістіруші адамдар пайда тапқан.<ref>Қазақ энциклопедиясы,3 том</ref>

Барлығының әркім үшін және әркімнің барлығы үшін жауапкершілігі; қазіргі кезде, әдетте жағымсыз істерде өзара бүркеуді белгілеу үшін қызмет етеді.<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: Жеті жарғы, 2008. ISBN 9965-11-274-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Үлгі:Stub:Заң

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}