Жеңіс Мирасұлы Нұрғалиев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Саясаткер Жеңіс Мирасұлы Нұрғалиев — Қазақстан мемлекет қайраткері, Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты.

Өмірбаяны

1962 жылы 9 мамырда Қостанай облысы Амангелді ауданының Амангелді кентінде туған. Қазақ

Қостанай ауылшаруашылық институтын (1984) ғалымагроном мамандығы бойынша; Орталық Азия университетін (2001) заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Қазақ және орыс тілдерін біледі.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі (2007 жылдан).

1985 жылдан - Қостанай облысы Қостанай ауданындағы «Александровск» кеңшарының №3 бөлімшесінде агроном; 1987 жылдан - №2 бөлімше басқарушысы; 1991 жылдан - «Александров» кеңшарының бас агрономы. 1991 жылдан - Қостанай облысы Наурызым ауданының «Дәмді» кеңшарының директоры.

1995 жылдан - Қостанай облысы Қостанай ауданының «Нива» ұжымдық кәсіпорнының төрағасы.

1997 жылдан - Қостанай облысы Қостанай ауданының «Нива» өндірістік кооперативі басқармасының төрағасы.

1999 жылдан - Қостанай облысы Қостанай ауданының «Надеждинка» ЖШС директоры.

2004 жылдан - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімі.

2006 жылдан - Қостанай қаласының әкімі.

2008 жылдан - Қостанай облысы әкімінің орынбасары.

2010 жылдан бері - Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты, аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау комитетінің мүшесі.

«Құрмет» орденімен (2005); «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған.

Әскери атағы - запастағы лейтенант.

Үйленген. 2 баласы бар.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының VI шақырылым депутаттары