Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек
Үлгі:Wikify Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек (7 мамыр 1975 жыл, Шу) — қазақстандық саясаткер, 2022 жылғы желтоқсаннан бергі Астана әкімі.
Қасымбек — мемлекеттік қайраткер Махмұд Қасымбековтың ұлы, бұрын Қарағанды облысының әкімі (2019–2022), премьер-министр орынбасары (2019), Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі (2018–2019), Инвестициялар және даму министрі (2016–2018), Көлік және коммуникациялар министрі (2014) лауазымдарына ие болған.
Өмірбаяны
1975 жылғы 7 мамырда Қасымбек Жамбыл облысының Шу қаласында туған. Арғын тайпасының Қаракесек руының Шұбыртпалы бөлімінен шыққан. Әкесі — Махмұд Базарқұлұлы Қасымбеков, мемлекеттік қайраткер.
Қасымбек Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының сәулеттік орта дизайны факультетін (1997), Еуразия университетінің мемлекеттік және муниципалдық басқару ісі факультетін (2001) экономист мамандығы бойынша бітірген.
- 1998 жылдан - «ТемірБанк» ААҚ бас маманы.
- 1998 жылдан - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінде теміржол көлігі және порттар бөлімінің бастығы.
- 1999 жылғы қарашадан желтоқсанына дейін - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Үйлестіру департаментінде көлік саясаты бөлімінің бастығы.
- 1999 жылғы желтоқсаннан ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінде Келіктегі тарифтік саясат басқармасының бастығы.
- 2000 жылғы сәуірден мамырға дейін - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінде Көліктегі тарифтік саясат департаменті директорының орынбасары.
- 2000 жылғы мамырдан қазанға дейін - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктегі тарифтік саясат департаменті директорының орынбасары.
- 2000 жылғы қазаннан желтоқсанға дейін - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Су көлігі департаменті директорының м.а. 2000 жылғы желтоқсаннан - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде Су көлігі департаментінің директоры.
- 2004 жылдан - «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» РМК директоры.
- 2005 жылдан - ҚР көлік және коммуникациялар вице-министрі.
- 2009 жылдан - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің жауапты хатшысы.
- 2014 жылғы наурыз-маусым айларда - ҚР Көлік және коммуникациялар министрі.
- 2014-2016 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары болды.
- 2016-2018 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрі.
- 2018-2019 жылдары - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.
- 2019 жылғы ақпаннан — ҚР Премьер-Министрінің орынбасары.
- 2019 жылғы 19 қыркүйекте Қарағанды облысының әкімі қызметіне тағайындалды.
- 2022 жылғы 8 желтоқсаннан Астана әкімі.
Марапаттары
- Құрмет ордені
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалі
- Астанаға 10 жыл медалі
- II дәрежелі «Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін» ордені (8 мамыр 2015)
- Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының грамотасы (17 шілде 2017)<ref>Касымбек Женис Махмудулы. Автобиография. online.zakon.kz</ref>
Отбасы
Қасымбек үйленген, жұбайы — Ақжан Әдіханқызы Қасымбек. Жұптың үш қыз баласы бар: Ақерке (1997 жылы туған), Жансая (2000 жылы туған), Ләйлім (2003 жылы туған) Махмұдтар.<ref>Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Үлгі:Navigation with columns Үлгі:Асқар Маминның министрлер кабинеті Үлгі:Бақытжан Сағынтаевтың министрлер кабинеті Үлгі:Кәрім Мәсімовтің II министрлер кабинеті Үлгі:Серік Ахметовтің министрлер кабинеті