Жеті Муза

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

“Жеті Муза” – студенттерге эстетикалық тәрбие беруге бағытталған клуб. Қазақ мемлекеттік университетінде 1965 ж. құрылған. 1968 ж. қалалық халық университеті деген құрметті атақ берілді. Қоғамның “Жеті Муза” аталуы грек мифологиясына байланысты: Зевс құдайдың шебер, өнерге табынған қыздары (музалар) өнердің әр түріне қамқоршы болған (Клиотарих, Талиякомедия, Терпсихораби, Эратомахаббат музасы, т.б.). “Жеті Муза” мәдениетті, әдебиетті, өнерді жастар арасында насихаттап, аттары әлемге аян театр, музыка, сахна саңлақтары, жазушылар, т.б. кездесу, концерт кештері, айтыс-пікірталастар, көрмелер, т.б. мәдени-эстетикалық шаралар ұйымдастырды. “Жеті Муза” қоғамы 1977 жылы Халықаралық студенттер одағының (Лондон) Құрмет дипломына ие болды. Ұжымның игілікті іс-тәжірибе жұмыстары Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург), Қарағанды, Алматы қалаларында қорғалған кейбір кандидаттық диссертацияларға негіз болды.

Дереккөздер:

Қазақ ұлттық энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жеті Муза|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}