Жете

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Жете — 1) мүйіз, ағаш сапты пышақ темірінің сабына кіріп тұратын бөлігі. Ұсталар пышақты арқардың, бөкеннің, ешкінің мүйізімен саптағанда мүйізді киізге орап, суға малып алады да, қозға ұстап қыздырады. Содан кейін сапталғы деген арнаулы аспаппен темірінің басын қысып ұстап, жетесін сағасына дейін бойлата балқып тұрған жұмсақ мүйізге ендіреді. Мүйіз суыған кезде жиырылып, пышақ жетесін қатты қысып қалады;

2) ақыл, сана, өре деген ұғымды да білдіретін атау.

Дереккөздер:

Қазақ ұлттық энциклопедиясы Үлгі:Суретсіз мақала

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub