Жер қыртысы (геология)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Earth-crust-cutaway-ru.svg
Жер планетасының құрылысы. Земная кора - Жер қыртысы

Үлгі:Біріктірілсін

Жер қыртысы

Жер қыртысы - литосфераның беткі бөлігін құрайтын, төменгі жапсары Мохоровичич деңгейімен шектелген Жер планетасының ең үстіңгі қабаты. Жер қыртысының қалыңдығы 5 км-ден (мұхиттардың астында) 75 км-ге дейін (материктер астында) болады. Континенттік және мұхиттық Жер қыртысы, сондай-ақ өтпелі типтер — субконтиненттік және субмұхиттық болып сараланады. Континенттік Жер қыртысы шөгінді кабаттан, "гранит" қабат пен "базальт" қабаттан тұрады. Мүхиттық Жер қыртысында "граниттік" қабат болмайды; бірінші қабаты біршама қопсық теңіз шөгінділері, екінші (базальт үсті) кабаты базальт лавалары мен литифицирленген шөгінділер қабатшалары, үшіншісі "базальт" кабаты болып келеді. Континенттерге тән Жер қыртысының калыңдығы орта есеппен 35—45 км-ге, ал таулы аймақтарда 70—75 км-ге жетеді; мұхит түптеріне тән Жер қыртысының қалыңдығы 5—10 км-ден аспайды.

Жер қыртысы астындағы ағындар

Жер қыртысы астындағы ағындар — кейбір геотектоникалық топшылаулар бойынша, жер мантиясы мен жер қыртысы өңіріндегі сан түрлі физикалық және химиялық процестерден туындайтын, жер қыртысының астыңғы өңіріндегі заттардың қозғалыстарға ұшырауы не нақтьшы бағытта ағуы. Мұндай ағындар, теориялық тұрғыдан, конвекциялық, гравитациялык, және конвециялық-гравитациялық ағын түрлері болуы мүмкін. Кейбір ғалымдар барша тектоникалық процестерді осы ағындармен тығыз байланыста деп есептесе, екіншілері мұндай ағындардың терең қойнауларда қалыптасу мүмкіндігінің өзін де жоққа шығарады.

Жер қыртысының жалпылама тербелесі

Жер қыртысының жалпылама тербелесі — ауқымды алқаптарды қамтитын, яғни платформалар мен геосинклиндерді қосарлай қозғайтын тік бағыттағы (жоғары-төмен қозғалатын) баяу тербелістер жиынтығы; эпейрогенез терминімен мағыналас.

Жер қыртысының жасы

Жер қыртысының жасы - Жер қыртысын құрайтын тау жынысы бірлестіктерінің ең көне үлгілерін радиологиялық әдістермен сараптау нәтижелері Жер қыртысының жасы шамамен 3,7—3,8 млрд. жылға сәйкес келетіндігін көрсетеді.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref><ref>Жалпы геология (Жер динамикасы): Оқулық. Алматы: ҚазҰТУ, 2008 ISBN 987-601-228-001-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Geology-stub