Жер мантиясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Merge Жер мантиясы (Үлгі:Lang-ruжер қыртысының табаны (Мохоровинич арасы) мен 2900 км тереңдіктен басталатын жер ядросы жабынының аралығын қамтитын планетаның құрам-бөлігі. Мантия қимасын құрайтын заттар тығыздығы жоғарыдан төмен қарай өсіп отырады. Мәселен, оның жабыны деңгейіндегі (жер қыртысымен жапсарындағы) заттар тығыздығы 3,3-3,5 г/см3 болса, табанындағы (ядромен жапсары) заттар тығыздығы 5,6-5,9 г/см3-ге жетеді. Олай болса, сейсмикалық толқындардың жер мантиясы қимасынан өту жылдамдығы да қима деңгейінің терендігіне тікелей байланысты болғаны. Нақ осы байланыс ізінде, яғни сейсмикалы�қ толқындардың мантия қимасынан өту жылдамдығындағы өзгерістерді саралау нәтижесінде жер мантиясы шартты түрде үш бөлікке бөлінген: жоғарғы мантия, немесе В облысы - Мохоровинич және Голицын шекараларының аралығы; төменгі мантия, немесе мантияның Д облысы (кейде "45 градусты даралану деңгейі" деп аталады), шамамен 950 км терендік пен жер ядросы жабынының (2900 км тереңдік) аралығын қамтиды; алмасу белдемі деп аталатын мантияның ортаңғы бөлігі (мантияның С облысы) Голицын жазықтығы мен "45 градусты даралану деңгейінің" аралығына орналасқан.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}