Жерсорғыш снарядтар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жерсорғыш снарядтарсу қоймалар мен ағын сулардың түбінен грунт алу үшін жабдықталған жер қазатын жүзбе машиналар. Үйіндіге немесе салынып жатқан имаратқа тасымалданатын су -грунт қоспасын сору қағидасы бойынша жұмыс істейді. Қоймалжыңды үйіндіге грунт құбыр және өз трюмі арқылы тасымалдайтын жерсорғыш снарядтарға бөлінеді. Жерсорғыш снарядтар құмды және құмдақ грунттарда аса тиімді. Мелиорацияда бөгеттердің жер имараттарына, бөгетшелерге, мойнақтарға грунтты үюге, канаттарды, тоспаларды, көлдерді, бөгендерді терендету және тазалау кезінде, өзен-су қабылдағыштарды реттеуде, мелиорациялық имараттардьң шұңқырларын қазуда, бетондау және жол жұмыстарына арналған материалдарды өндіру жөне оларды байыту кезінде қолданылады. Мұндайда МЗ-5, ПЗУ-8М, 8ПЗУ-ЗМ, МЗ-7, МЗ-8, ЗРС-1В, МЗ-6 маркалы жерсорғыш снарядтар пайдаланылады. Мелиорациялық жерсорғыш снарядтардың негізгі техникалық көрсеткіштері: қопсытқышты жерсорғыш снарядтардың қазу терендігі 3 м-ден (МЗ-5) — 6 м-ге (МЗ-6) дейін; жұмыс жағдайындагы отыру тереңдігі 0,45-тен — 1,2 м аралығы; грунт бойынша өнімділігі сағатына 50-ден — 250 м3-ге дейін, ал су бойынша — 400-2500 м³/сағ. Мысалы, кемелердің Жайық өзенінің сағасынан Каспий теңізіне шығуын қамтамасыз ететін Жайық-Каспий каналы осы жерсорғыш снарядтар көмегімен іске асырылады, ал іле өзені атырауындағы Топар тармағының арнасы жерсорғыш снарядтар көмегімен үнемі терендетіліп отырады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жерсорғыш снарядтар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

ar:تجريف de:Baggerschiff en:Dredging es:Draga fi:Ruoppaus fr:Dragage he:אוניית מחפר id:Kapal keruk ja:浚渫 ms:Kapal korek nl:Baggeren no:Mudring pl:Pogłębiarka pt:Draga ro:Dragă ru:Драга sv:Muddring uk:Драга ur:ڈریجر