Жент (қала)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ЖентСырдарияның төменгі ағысы бойындағы ортағасырлық қала орны. Қалада мұсылман дінін ұстанған түркі тайпалары қоныстанған. Жент 10 — 12 ғасырларда Сырдарияның төменгі ағысы бойындағы негізгі үлкен қала болған. Осы маңда орналасқан Жанкент, Баршынкент, Ашнас (Асанас), Хувар (Жувар) қалалары бірігіп, Жент өлкесінің қалалар тобын құрады. Қала көркейіп, үлкен беделге ие болғаны сондай, кейбір деректерде Арал теңізін Жент көлі деп жазған. Мыс., ЖаҺаннамед мынадай жолдар бар: Женттің маңында Жент көлі деп аталатын көл бар, оны кейде хорезмдік деп те атайды. Көлдің аумағы 100 фарсах, ені 32 фарсах, суы ащы. Сырдың төменгі ағысындағы басқа қалалар секілді Женттің де 14 ғасырдан кейінгі тағдыры белгісіз. Ол жайында жазба деректерде ештеңе айтылмайды. 13 ғасырдың 2-жартысында Сырдың бойындағы қалаларды аралаған Орта Азия ғалымы Жамал Қарши бір кездегі қаланың орнынан кішігірім елді мекенді көрген. В.В. Бартольд бұл өңірдегі қалалардың 15 ғасырдан бастап қаңырап бос қалуы Сырдарияның өз арнасын басқа жаққа өзгертуімен байланысты болар деп пайымдайды. 1967 жылы Сыр бойындағы қалалардың қираған орнын зерттеген П.И. Лерх Женттің орнын Қорқыт Ата мазарының маңынан іздеу керек деген болатын. Бұдан кейін Бартольд Жент орны Қызылордадан 25 км жердегі Қышқала деп болжаған. Тек 1946 жылы Сырдария мен Әмударияның аралығында орналасқан ескерткіштерді толық аралап шыққан С.П. Толстов Женттің негізгі орнын тапты. Ол Қызылордадан 115 км жерде орналасқан Жанқала жұрты. Жанқалада 1946 — 48, 1957 — 58 жылы Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы (жетекшісі Толстов) зерттеу жүргізіп, жиналған қыш ыдыстардың негізінде қала 10 — 13 ғасырлар аралығында болған деп топшылады. Жанқаланың өзінде күрделі қазба жұмыстары жүргізілмегенімен, оның айналасындағы көне суғару жүйелері біршама зерттелген. Зерттеу қорытындысына қарағанда, қала тұрғындары егін шарушылығымен айналысқан деп айтуға болады.<ref>Қазақ энциклопедиясы,3 том</ref><ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жент (қала)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}