Жем-сағыз ескерткіштері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жем-Сағыз ескерткіштеріҚазақстанның батысындағы Жем және Сағыз өзендері бойында сақталған қорымдар мен зираттар тобының ғылымдағы ортақ атауы. Бұл ескерткіштер Маңғыстау мен Үстірт ескерткіштеріне ұқсас. Кейбір қорымдар орта ғасырда, яғни 14 — 15 ғасырларда салынған, соның бірі — Ұшқан ата кесенесі. Ал қалған ескерткіштердің негізгі бөлігі 18 ғасыр мен 20 ғасырдың бас кезінде тұрғызылған. Бұларға Қарашұңғыл, Бақашы әулие, Асанқожа қорымы, Қарасақал қорымы, Дауымшар қорымы, Алып ана қорымы, Әбілдә қазірет, Қос Сағыр, Бір Сағыр, т.б. жатады. 19 ғасырда көптеген қорымдар жанына мешіттер салынған. Ақмешіт — Құлжан, Дүйсеке ескерткіштері осының айғағы. Солтүстікке таман орналасқан Жем — Сағыз тобындағы мазарлар, сағана тамдар, шағын сәулет үлгілері тасты қашаудың батыс қазақстандық әдісімен тұрғызылған. Ал солтүстікте мұндай ескерткіштер кездеспейді, тек ішінара қашап жасалған құлпытастар мен ерекше түрдегі тас молалар ғана бар. <ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жем-сағыз ескерткіштері|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}