Жеке бастың мінездемесі(спорт)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жеке бастың мінездемесі, шәкіртін дұрыс үйрету үшін жаттықтырушы олардың әрқайсысының мінездерінің ерекшеліктерін жақсы білуге тиіс. Мұны түсінбей, зерттемей күшті шәкірт дайындаймын деуге болмайды. Ол өзінің жаттығу жоспарларын шәкірттерінің бейімделігіне, мүмкіншілігіне талап- тілегіне сәйкес құруға тиіс. Олардың мінез-құлықтары былайша бөлінеді: </br>1) Ыңғайлағыш адамдар - олар өздерін, іс- әрекеттерін үнемі бақылап, сол жайлы қобалжып, жақсы орындауға тырысып асығып жүреді. </br>2) Ыңғайланғыш белсенді топ - қолына алған іске белсене кіріседі. Оған өте көп қажыр-қайрат жұмсайды. Қандай қиын болса да өзінің дегенін орындауға тырысады. </br>3) Сақтанғыш топ - алға қойған мақсатын жете зерттейді, соны орындау жолындағы іс-әрекеттерін қатаң бақылауға алады. </br>4) Бейжай топ - жаны таза, көңілді, қолға алған ісін орындауға табандылық көрсетпейді, белсенділігі нашар, жан-жағында болып жатқан істерге адамдардың әрекеттеріне, кейде өзіне арнап айтқан сөздерге бейжай жайбарақат қарайды. </br>5) Ширыққыш топ - оған кез келген жаңалық күшті әсер етеді. Басқалардан озық, алда түргысы келеді жүйкесіне күш түскен сәтте сабырсыздық танытып шыдамсыз болады.<ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3 </ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жеке бастың мінездемесі(спорт)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}