Жеке айыптау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жеке айыптауадамды қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін жеке азаматтар тарапынан сотқа шағым беру арқылы қозғалатын іс. Егер шағым анықтау органына, тергеушіге, немесе прокурорға берілген болса ол сотқа жіберіледі. Шағымда шағым берілген соттың атауы, қылмыстық оқиғаның сипаттамасы, дәлелдері, жасалған орны мен уақыты, іс жүргізуге қабылдау туралы сотқа жазылған өтініш, қылмыстық жауаптылыққа тартылған адам туралы мәліметтер, сотқа қажетті куәлардың тізімі қамтылуы қажет. Шағымның соңына оны берген адам қол қояды. Егер қылмыстық әрекет туралы бір адамның өтінішімен іс қозғалса, қалған басқа адамдар басталып кеткен іске қосымша айыптаушы ретінде қосылуға құқы бар. Жәбірленуші, қылмыстың жасалғаны туралы шағым берген өзге адам, қылмыстық мән-жайлар және оны жасауға күдік келтірілген адамның кінәлілігі сотта қандай дәлелдермен расталуы мүмкін екендігін шағымда көрсетуі қажет. Жеке айыптау жөніндегі іс сотта қаралып қылмыстық жауаптылыққа тартылған азаматқа айыптау не ақтау үкімі шығарылады, жеке айыптаушы айыптаудан бас тартса немесе екі жақ өзара бітімге келген жағдайда іс тоқтатылады. Жеке айыптау бойынша іс жүргізу ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көрсетілген баптарға сәйкес реттеледі. <ref name="source1">"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жеке айыптау|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}