Жекен Жұмаханов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Жекен Жұмаханов - 1913 жыл 5 желтоқсан Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы, Қарауылтөбе ауылы) - жазушы.
Өмірбаяны
- Жекен Жұмаханов- Семей педагогикалық техникумын бітірген.
- 1935 жылы Алматыда жаңадан ашылған Қазақ коммунистік журналистер институтына түсіп, айрықша дипломмен бітірген.
- «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің редакциясында ұзақ жылдар меншікті тілші, әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарған.
- 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан.
Шығармашылығы
Армия қатарынан 1946 жылы босап, қайтадан әдеби өмірге араласқан. Шығармаларына майдангерлер ерлігін арқау етті.
Аудармалары
- Гогольдің «Рим» деген әңгімесі
- В.Орловтың «Батыл ой» деген кітабы
- М.Садовянудың «Митра Кокорь» повесі
- Морис Торездің «Халық ұлы» деген кітабын қазақшалады.
- Әңгіме-повестері орыс тілінде кітап боп шықты.
Өз кітаптары
- Солдат жолы. Повесть. А., ҚМ КӨБ, 1958;
- Әлия Молдағулқызы. А., ҚМКӘБ, 1959;
- Әлия (Майдан дәптерінен). А., ҚМКӘБ, 1958;
- Жазылмаған кітап. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1959;
- Келін. Повесть А., ҚМКӘБ, 1960;
- Қаракөз қарындасым. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1962;
- Үш бәйтерек. Повестер. А., «Жазушы», 1965;
- Екі жол. Әңгімелер. А., «Жазушы», 1966;
- Соқпақ соңы. Роман. А., «Жазушы», 1967;
- Адам тау қопарады. Очерк. А., «Қазақстан», 1967;
- Мен жұмысшымын. Повесть. А., «Жазушы», 1972;
- Қаракөз қарындасым. Таңдамалы. А., «Жазушы», 1979;
- Шұбартау таңы. Повестер, әңгімелер. А., «Жазушы», 1975;
- Махаббат пен мансап. Повесть. А., «Жалын», 1974;
- Қиядағы қайың. Повөстер. А., «Жазушы». 1974;
- Үш бәйтерек. Повестер мен әңгімелер. А., «Жазушы», 1989.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>
Дереккөздер
<references/>
Үлгі:Бастама {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}