Жаңбырбай Қартбаев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Жаңбырбай Қартбаев<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref> (1940, Маңғыстау облысы) – мұнайшы, Солтүстік Бозащы кен орнын тұңғыш ашушы (1985).
- ҚазПТИ-ді (қазіргі ҚазҰТУ) бітірген (1968).
- 1968 – 1969 жылдары Орта Азия ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер
- 1969 – 1985 жылдары «Маңғыстаумұнайгазбарлау» тресінде геолог, аға геолог, геология бөлім бастығының орынбасары
- 1985 – 1994 жылдары «Жетібаймұнай» «Маңғыстаумұнайгазбарлау», геология бөлімнің бастығы, бас геолог
- 1994 – 2004 жылдары «Қарақұдықмұнай» АҚ бас геологы болды.
- «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.
Дереккөздер
<references/>