Жаңатаң мұнай кен орны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мұнай кен орны

Жаңатаң мұнай кен орны - Каспий маңы ойпатының шығыс ернеуі маңындағы мұнай кен орны.

Географиялық орны

Ақтөбе облысы Байғанин ауданында, облыс орталығынан оңтүстікте 380 км жерде орналасқан. Ең жақын елді мекен - Кемерші, ол кен орынның батысында 20 км-де. Кен орын 1992 жылы ашылды.

Геологиялық құрылмы

Көтерілім ойыстың ернеу маңы өңіріндегі карбонаттық кемер аумағында орналасқан.1112 шағылдырушы бет бойынша көтерілім бойлыққа жуық бағытта созылыңқы пішінде келеді, өлшемдері -3900 м-лік изогипса бойынша 17x6,2 км, амплитудасы 450 м-ден асады. Көтерілім ауқымында 3 төбе оқшауланған. Оңтүстік төбе солтүстігінен тектоникалық жарылыммен шектелген, - -3500 м-лік изогипсамен жартылай күмбез құрайды. Ортаңғы және Солтүстік төбелер -3600 м-лік изогипсамен шектелген. Терригендік тау жыныстармен байланысты төменгі таскөмір түзілімдерінің өнімділігі анықталған.

Тығыздығы, құрамы

Кеуектілігі 7-16%, өтімділігі 0,042-0,00048 мкм2 құмтастар мен алевролиттер жинауыш рөлін атқарады. Мұнайға қаныққан тиімді қалыңдық 6,6-33 м, мұнайға қанығу коэффициент 0,7. Мұнай шығымы 7,2-8,3 м3/тәулік болды. Мұнайдың тығыздығы 852 кг/м3, құрамында 0,32% күкірт, 13%-ға дейін парафин, 3% шайырлар мен асфальтендер бар. Кен орны жете барлау сатысында. <ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер