Жаңалық Ниязұлы Әбдірахманов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Мағына Жаңалық Ниязұлы Әбдірахманов(7.11.1935 жыл, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Кеңтоғай ауылы - 22.03.2004 жыл, Алматы) — ғалым, медицина ғылымдарының докторы (1990), профессор (1992), Қазақстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1994).
Байұлы тайпасының Алтын руынан шыққан.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Алматы медицина институтын бітірген (1959).
- Қызылорда облысы, Қармақшы ауданындағы аурухана меңгерушісі (1959 — 61)
- Қазақстан өлкелік патология институтының (қазіргі Эпидемиология, микробиология ғылыми-зерттеу орталығы) аспиранты (1961 — 64)
- Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының бөлім меңгерушісі, аға ғылыми қызметкері (1964 —75),
- Алматы медицина институтының доценті, кафедра меңгерушісі (1975 — 90) болды.
- 1990 жылдан Қазақонкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры.
Ғылыми еңбектері
Әбдірахмановтың негізгі зерттеу жұмыстары
- обыр ауруларын сәулемен емдеу тәсілдеріне
- радиацияның зақымдаушы әсерінен қорғайтын дәрілер пайдалануға
- организмнің радиацияға бейімделушілігін зерттеуге арналған.
- Әбдірахманов өңеш рагімен ауыратын науқастарды радиациялық сәулемен емдеу арқылы, олардың өмірін ұзартуға болатынын ғылыми тұрғыдан дәлелдеді.
- Детская онкологическая радиология. – Алматы, 1991. (тең автор).<ref>Руниверсалис энциклопедиясы: Абдрахманов, Жаналык Ниязович. Сочинения: Детская онкологическая радиология, А-А., 1991 (соавт.).</ref>
- Лучевая терапия рака пищевода. – Алматы, 1993.<ref>Руниверсалис энциклопедиясы: Абдрахманов, Жаналык Ниязович. Сочинения: Лучевая терапия рака пищевода. – Алматы, 1993.</ref>
- Современные аспекты терапии рака пищевода. – Алматы, 1997. (тең автор).<ref>Руниверсалис энциклопедиясы: Абдрахманов, Жаналык Ниязович. Сочинения: Современные аспекты терапии рака пищевода, – Алматы, 1997 (соавт.).</ref>