Жаңадария каналы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жаңадария каналыҚызылорда облысындағы суару-суландыру жүйесі. Сырдария өзенінің сол жағасында орналасқан. Ұзындығы — 592,3 км, оның 535,5 км табиғи арнамен жүргізілген. Каналда 19 гидротехникалық құрылыс салынған. Су жинау алабы Сырдария өзеніндегі Қызылорда су торабы арқылы пайдаланылады. Су шығыны каналдың басында 50 м3, Жаңадарияның табиғи арнасы секундына 200 м3 су өткізе алады. Бұдан 210 км шамасында Қуаңдария каналы басталады. Ұзындығы — 436,4 км, оның 407 км-нің су шыгыны 60 м3. Су жинау алабы Жалағаш ауданындағы Жаңадария кеңшары жеріндегі арнаулы су құрылысы арқылы жүзеге асырылады. Жаңадария каналы 19581968 жылдары іске қосылған. Сырдария, Жалағаш, Қармақшы, Қазалы аудандары шаруашылықтарының 40 мың га егістік және бау-бақшалық жерлерін суарып, 20 мың га табиғи шабындық- тарын, 1,0 млн.га жайылымдарын суландырады. Жаңадария каналын бойлай орналасқан қырғауыл аулау шаруашылығы бар. Қатпарлы-жаңбырлы бұлттардан жауатын ақ жауын, будақ-жаңбырлы бұлттардан жауатын нөсер жаңадария болып бөлінеді.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жаңадария каналы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}