Жаңабай (құдық)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ЖАҢАБАЙ – Сырдария және Арыс өзендерінің аралығындағы құдық. Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданында. Тереңд. 5 м, су шығымы 600 л/сағ. Оңт-нде Шыбықбел, Минас, т.б. артезиан құдықтары орналасқан. Маңында көптеген қыстаулар бар. Құдық мал суаруға пайдаланылады.