Жаңабай Азаматов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Жаңабай Азаматов (20 сәуір, 1913, Сырдария ауданы Шіркейлі ауылы – 29 шілде, 1996, Сырдария ауданы Шіркейлі ауылы) – еңбек және соғыс ардагері.
Өмірбаяны
- Қызылорда педогогикалық техникумын бітірген (1934).
- 1934 – 39 ж. ауылдық мектепте бастауыш сынып мұғалімі болды.
- 1939 – 41 ж. Сырдария ауданы комсомол комитетінің хатшысы, аудандық партия комитеті әскер бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.
- 1941 – 44 ж. екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, ротаның саяси жетекшісі болды.
- 1944 – 48 ж. Сырдария ауданы партия комитетінің насихат және үгіт бөлімінің меңгерушісі
- Қызылорда облыстық партия комитетінің нұсқаушысы
- Жаңақорған аудандық партия комитетінің екінші хатшысы.
- 1948 – 51 ж. жоғары партия мектебінде оқыды.
- 1950 – 55 ж. Сырдария ауданы партия комитетінің екінші хатшысы
- Тереңөзек аудандық тұтынушылар одағы басқармасының төрағасы
- Аламесек машина-трактор станциясында партбюро хатшысы
- 1955 – 83 ж. туған ауылы Шіркейліде ұжымшар бастығы, кеңшар директоры болып қызмет етті. 1955 ж. Шіркейлі ауылына келісімен ұзындығы 25 км Бесөзек арнасын қаздыртты.
Жетістіктері
- Азаматов басқарған кеңшар бірнеше рет ауыспалы Қызыл Тумен марапатталды.
- Алтын кітапқа жазылды.
- Бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің жеңімпазы атанды.<ref>"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>
Дереккөздер
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}