Жақсықылыш (көл)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Көл Үлгі:Мағына Жақсықылыш – Сырдария өзенінің сағалық алабындағы көл.
Географиялық орны
Қызылорда облысы Арал ауданы жерінде. Арал теңізінің солтүстік-шығыс жағында, Арал қарақұмы мен Жақсықылыш тауының аралығында, теңіз деңгейінен 48,1 м жоғары орналасқан.
Гидрографикасы
Аумағы 74,5 км2. Арал теңізінің тартылуына байланысты көлдің аумағы күрт қысқарды, тек көктемде ғана суы болады, шілде айынан бастап бетін тұз басып, құрғақ ойысқа айналады. Көктемгі қар суымен жиналған суына мал суғарылады. Алабы - жайылым.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>