Жақсылық Мұратұлы Сәбитов
Үлгі:Ғалым Жақсылық Мұратұлы Сәбитов (12 қыркүйек 1982 жыл, Солтүстік Қазақстан, Тайынша) — қазақстандық тарихшы, медиевист, философия докторы (PhD), «Жошы ұлысын зерттеу институтының» директоры. Оның ғылыми қызметі Қазақстанның ортағасырлық тарихы, генетикалық этногенез, тарихи сана мен мифологияны зерттеуге бағытталған.
Мазмұны
Өмірбаяны
Жақсылық Мұратұлы Сәбитов — 12 қыркүйек күні 1982 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша (бұрынғы Красноармейск) қаласында дүниеге келген. Кейін бірнеше жыл бойы Астананың шығысындағы Ерейментау қаласында тұрған. Білімін Көкшетау қаласында алған және 1999 жылы мектепті аяқтаған. Жоғары білімді Л. Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінде алған. 2009–2010 жылдары National Geographic ұйымының гранты аясында ресейлік генетиктер О. П. Балановский және Е. В. Балановскаялармен бірге Қазақстан аумағындағы тарихи-генетикалық зерттеулер жобасына қатысқан. Руы арғын ішінде Атығай. Ең алғаш тарихқа деген қызығушылығы өзінің руын зерттеуден басталған. Ол ғылымға Қазақстан тарихының әсіресе Алтын Орда дәуіріне қатысты мәселелерді жаңаша пайымдауымен танымал болды. Ол Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты (2024) және көптеген халықаралық ғылыми конференциялардың қатысушысы.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Ғылыми қызметі
Сәбитовтің ғылыми қызығушылықтарының бірі — тарихи тұлғалар мен рулардың шығу тегін ДНҚ арқылы зерттеу. Ол қоңырат, керей сияқты қазақ руларының генеалогиясын анықтауға арналған генетикалық жобаларға жетекшілік еткен. Оның айтуынша, қазақ этногенезі — күрделі және көпқырлы процесс, сондықтан оны тек аңыздармен шектеуге болмайды.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>
Сәбитов қазақ тарихында жиі кездесетін "көк көзді еуропеоид қазақтар" туралы пікірлерді теріске шығарып, қазақ халқы аралас антропологиялық типке жататынын ғылыми түрде дәлелдеген.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Қарастырған тақырыптары
Алтын Орда және оның құрылымдық ерекшеліктері Жошы ұлысы, Ақ Орда мен Көк Орда атаулары — мемлекеттің емес, хан ордаларының атауы Қазақ руларының генетикалық шығу тегі Қадырғали Жалайыридің Жамиғ ат-тауарих еңбегінің транскрипциясы мен ғылыми айналымға енгізілуі
Пікірлері
Сәбитов қазақ тарихындағы мифтерді жоюға және дереккөздерге сүйенген объективті зерттеулер жүргізуге шақырады. Ол Жошы ұлысын Қазақстан тарихының негізгі өзегі ретінде қарастырып, оны ұлттық бірегейліктің маңызды бөлігі деп есептейді.<ref>Үлгі:Cite web</ref>