Жақсыкелді Уәлиұлы Сейілов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жақсыкелді Уәлиұлы Сейілов (22.4. 1949, казіргі Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Алғабас а. - 25.3. 1997, Жезқазған қ.) - әнші-орындаушы, әуесқой композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1990). Ол Қарағанды қаласындағы мүгедек балаларға арналған мектепте оқып, білім алған. С. 1970 жылдары бұрынғы Жезказған облысында "Қарагөз" және "Жезкиік" ансамблін ұйымдастырып, өзі осы шығармашылық ұжымға арнайы әндер жазумен айналысты. Оның әндері адамның ой-сезімін үлкен әсерге бөлейтін мұңға толы лириқалық әуен-сазымен ерекшеленеді. Кезінде Сейіловтің ақын Қ. Салықовтың "Жезкиік" өлеңінің мәтініңе жазған әні республикалық эфир арқылы бүкіл Қазақстанға тарады. Бұдан басқа "Айналайын, қанатым", "Әке туралы ой", "Ана туралы баллада", "Кездесу", "Ұлытау" әндері жүрек сезімін қозғайтын перзенттік борыш пен мейірімділікке, сағынышқа толы музыкалық шығармалар болып табылады. Сейілов Жезқазған филармониясының шығармашылық ұжымы құрамында Қырғызстан, Өзбекстан және Моңғолияда болып, өнер көрсетті. Республиқалық эстрада артистері байқауының лауреаты және "Жігер" фестивалінің жеңімпазы болған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}