Жақамбай Нұрболат
Жақамбай Нұрболат – 1947 жылы 1 қыркүйекте Талдықорған облысы, Текелі қаласында дүниеге келген. <ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, «Білім» баспасы. 2005 ж. – 576 бет. ISBN 9965-09-134-Х </ref>
Еңбек жолын 1969 жылы Текелі қалалық баспаханасында кесуші болып бастады. Осы жерден Мәскеу полиграфия институтының дайындық курсына жолдама алды. 1976 жылы инженер-механик мамандығы бойынша оқу бітіргеннен кейін Талдықорған облыстық полиграфия баспасына жолдама берілді. Кейін Текелі қалалық баспаханасына директор болып тағайындалды.
1980 жылдан – Талдықорған облполиграфиясының бас инженері, директоры болды. Облыс тарағаннан кейін Алматы қаласындағы «Алатау» ИПК №1 қалалық баспаханасына директор болып қабылданды.
Қазіргі кезде «Сын» баспасы ЖШС директоры.
Дереккөздер
<references/>