Жақ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жақ, тіл білімінде — сөйлеуші мен өзгелер арасының қатынасын білдіретін, зат есім мен етістікке тән грамматикалық категория. Қазақ тілінде жақтық мағына жіктік, тәуелдік жалғауларымен беріледі. 1-жақ — сөйлеуші, айтушы жақ, 2-жақ — тыңдаушы жақ, 3-жақ — бөгде жақ деп аталады. Зат есім 3-жақта жіктеледі, тәуелденеді: 1-жақ: “Мен ұстаз-бын”. 2-жақ: “Сен ұстаз-сың”. “Сіз ұстаз-сыз”. 3-жақ: “Ол ұстаз”; 1-жақ: “Менің үйім”. 2-жақ: “Сенің үй-ің”. “Сіздің үй-іңіз”. 3-жақ: “Оның үй-і”; Бірақ зат есімнің бәрі емес, адамға, оның кәсібіне, бейіміне қатысты зат есімдер ғана жіктеледі. “Мен жақсымын”, “Сен басшысың”, т.б. Етістік те 3 жақта, белгілі бір шақта тұрып жіктеледі. Мысплы, 1-жақ: “Мен айтқан-мын”, “отыр-мын”. 2-жақ: “Сен айтқансың”, “отыр-сың”, “Сіз айтқан-сыз”, “отырсыз”. 3-жақ: “Ол айтқан”, “отыр”.

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жақ|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}