Жағыпар Мұсаұлы Мусин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жағыпар Мұсаұлы Мусин (13. 8. 1930 жылы туған, Көкшетау облысы, Арықбалық ауданы, Қосағаш ауылы, Мәдениет елді мекені) — тіл білімі маманы, филология ғылымы кандидаты (1970), доцент (1972). Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітірген (1950). 1954- 1955 ж. Қызылжар қаласы оқытушылар институтында мұғалім. 1956-1958 ж. Солтүстік Қазақстан облысы мұғалімдердің білімін жетілдіру институтында әдіскер. 1959-1961 ж. "Көкшетау правдасы" газетінде әдеби қызметкер. 1962 жылдан бастап күні бүгінге дейін Көкшетау педагогикалық институтында аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, доцент. Профессор Ғ. Мұсабаевтың жетекшілігімен "Қазіргі қазақ тіліндегі антонимдер" деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған. Ғылыми жұмысының негізгі бағыты - лексика.

Шығармалары:

  • Антонимы в казахском языке. АКД., 1970;
  • Қазақ тіліндегі антонимдер сөздігі. А., 1984.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}