Жағармай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жағармай — машина қозғалтқыш және механизмдердің түрлі бөліктерінің арасындағы үйкелісті кеміту үшін қолданылатын майлар. Жағармайдың өндірістік қасиеттері (беріктігі, тұтқырлығы, ыстыққа төзімділігі, т.б.), негізінен, олардың химиялық құрамы мен құрылысына байланысты. Олардың құрамы өте күрделі, кейбіреулері парафиндерге немесе нафтендерге бай, кейбір түрінің ароматты қасиеті басым, т.б. Қазір қолданылатын жағармайлар түгел дерлік мұнай тектес. Алыну әдістеріне қарай дистиллят және қалдық майлар болып бөлінеді. Тұтқырлығы төмен немесе орташа дистиллят жағармайлар мазутты вакуумде айдау арқылы алынады, ал қалдық майлар — мұнайды айдағанда бөлінетін, тұтқырлығы жоғары қалдық. Қазіргі кезде синтетикалық жолмен де өндіріледі, ол үшін тиісті қанбаған көмірсутек полимерлерін, күрделі эфирлерді, т.б. пайдаланады.

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жағармай|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

Жағар майлар Жағар майлар – сыртқа қолданылатын дәрілік түрлер,олар терінің бетінде немесе кілегей қабатта тегіс,жылжымайтын қабат түзуге қабыілетті,тұтқырлығы жоғары болғандықтан түрін сақтайды,ал жоғары температурада оны жоғалтып,қою сұйықтыққа айналады.Жағар майлар официналды дәрілік түрлер,МФ ХІ басылымына арнай жалпы “Жағар майлар” мақаласы енгізілген.Фармакопея анықтамасы бойынша,жағар майлар – теріге,жараға,кілегей қабатқа жағуға арналған жұмсақ дәрілік түрлер.