Жағалаулық шөгінділер

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Жағалаулық шөгінділер - жаға белдемінде жаралатын, фациялары әркелкі, қабаттылығы әр түрлі аккумуляциялық жиылымдар. Бастапқы материалының жаралу тегіне қарай 2 топқа бөлінеді: 1) теңізге өзендер әкеліп, толқындар қайта түзетін шөгінділер; 2) жағалар мен сутүбі абразиясының нәтижесінде жаралатын шөгінділер. Жағалаулық шөгінділердің көпшілігін ірі түйірлі материал құрайды, сонымен бірге олардың құрамында лагуналық майда түйірлі түзілімдер де кездеседі. Құрамына әр түрлі фациялық типті: жағажайлық, атыраулық, лагуналық, суасты беткейінің марштық шөгінділері, теңіз аккумуляциялық түзілімдері мен теңіз аккумуляциялық пішіндері және т.б. кіреді. Жағалаулық шөгінділердің геологиялық қимасына линза тәрізді жатыс тән.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Геология — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Geology-stub