Жауапкершіліктер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Материалдық жауапкершілік

Еңбек құқығы бойынша — кызметкердің заңмен бекітілген тәртіп пен шектерде, кәсіпорынға, мекемеге келтірген залалдарын өтеу міндеті. Тәртіптік жауапкершілікпен бірге тағайындалуы мүмкін. Материалдық жауапкершілік, кызметкердің анық, құқыққа қарсы және кінәлі тәлімі нәтижесінде келтірілген залал үшін ғана белгіленеді.

Ынтымақты жауапкершілік

Әркімнің бір топ адамдар міндеттемелерінің толық шамасы шегіндегі жауапкершілігі.


Қылмыстық жауаптылық

Қылмыс жасаудың құқықтықсалдары түрінде көрінетін кінәлі адамды жазалау нысанындағы мемлекеттік мәжбүрлеуді қолданатын заңдық жауапкершілік түрлерінің бірі. Қымыстық жауапкершілікке тарту, қылмыстық істің козғалғанын, одан кейінгі тергеуді, соттық, іс жұргізуді, соттың үкімін білдіреді. Қылмысты жасау заңдық факт болып табылады.
Қылмыстық жауапқа тартылуға тиісті адамдар
• Есі дұрыс, осы Кодексте белгіленген жасқа толған жеке адам ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс.
• Қылмыс жасаған адамдар шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, сеніміне, қоғамдық.
бірлестіктерге қатыстылығына, тұрғылықты жеріне немесе өзгеде кез келген мән-жайларға қарамастан заң алдында бірдей.
Қылмыстық жауапқа тартылуга тиіс емес адам
• Осы Кодексте көзделген коғамдық қауіпті әрекетті жасаған кезде есі дұрыс емес құйде болған, яғни созылмалы психиқалық ауруы, психиқасының уақытша бұзылуы, кемақылдығы немесе психиқасының өзге де дертке ұшырауы салдарынан өзінің іс-әрекетінін (әрекетсіздігінің) іс жұзіндегі сипаты мен коғамдық қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие болаалмаған адам қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс емес.
Есі дұрыс емес деп таныпған адамға сот осы кодексте кәзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануы мүмкін.

Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы

Қылмыс жасалған кезге қарай жасы он төртке толған, бірақ он сегізге толмаған адамдарға колданылатын кәмелетке толмағандардын кылмыстық, жауаптылығы. Кылмыс жасаған кәмелетке толмағандарға жаза тағайындалуы мүмкін не оларға тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары колданылуы мүмкін. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері: айыппүл; белгілі бір кызметпен айналысу құқығынан айыру; коғамдық жұмыстарға тарту; түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу; бас бостандығынан айыру.


Заңды тұлғаның жауапкершілігі

Заңды тұлғанын азаматтық-құқықтық жауапкершілігі онын өз міндеттемелерін толық немесе тиісінше орындамауы кезінде басталады. Арнайы қаржы компанияларынан, құрылтайшы қаржыландыратын мекемелерден, мемлекеттік мекемелерден және қазыналық кәсіп орындардан басқа барлық заңды тұлғалар, өз міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді.

Жауапкер

Сотта қарастырылатын азаматтық іс немесе төрелік сотта қарастырылатын шаруашылық (экономиқалық) дауласушы тараптардын бірі. Жауапкер іске талапкер ұсынған талап арызға байланысты тартылады. Сотта жауапкер ретінде жеке адам да, заңды тұлға да, ал төрелік сотта — тек заңды тұлғалар тартылады.<ref>Орысша-қазакша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Үлгі:Stub:Заң