Жаттығу кезеңдері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жаттығу кезеңдері, әрбір үлкен жарыстардан (ел, Олимпиядалық ойындардан) кейін жаттығушы қайтадан жоспар жасайды, онда спортшының қолы жеткен табыстары есепке алынып соның негізде алдағы уақытта шығатын жаңа биіктер белгіленеді. Әр сынның спортшы үшін үлкен куш пен қуатты талап ететіні белгілі. Әрине қалыпқа келу үшін жүйке мен бұлшық еттерді демалдыру қажет. Демалған соң жаттығу кезеңдері басталады. Оның алғашқысы дайындық кезеңі, екіншісі, жарыстарға катысу, үшіншісі ауыспалы кезең.

Дайындық кезеңі

Дайындық кезеңінде, спортшы үлкен жүктемелерді орындауға бейімделе бастайды, айналысатын спорт түрлерінің әдістері мен тәсілдерін дұрыс орындауды жетілдіреді. Бұл кезең екі - жалпы дайындық және арнайы дайындық бөліктерден тұрады. Әр бөліктегі мерзім шамамен 2-2,5 ай. Жарыстарға қатысу 2 айдан 4,5 айға созылады. Осы уақыттар спорт¬шы "спорттық бапқа" бірте-бірте жақындап, жауапты жарыстарға қатысады. Осы кезеңде спорт түрлерінің әдістері мен тәсілдерін үйрену тереңдеп, жаттығулар күрделене түседі. Бұл кезеңдегі жарыстар әр спорт түрі үшін әртүрлі. Мысалы, футболшылар, көгалдағы хоккейшілер үшін негізгі ойындар жаз, күз айларында өтеді. Шаңғы, конькишілер, хоккейшілер жарыстары негізінен қыс айларында. Гимнасттар, ауыр атлеттер, ұзақ қашықтықтарға жүгірушілерге жарыстар жиі қатысу тиімсіз. Осыған байланысты жаттығу кезеңдері толқын тәрізді бірде жоғары көтеріліп, бірде төмен түсіп өзгеріп отырады.

Ауыспалы кезең

Ауыспалы кезең, бір жылдық жоспарда 1,5 айға, жарты жылдық жоспарды 3-4 аптаға созылады. Бұл негізінен жауапты жарыстардан кейін маусымды аяқтап жаңа жоспарларға көшу уақыты. Мұнда футболдан чемпионат, баскетболдан, волейболдан, гандболдан турлар, спорттың жаздық түрлерінен жаз, қыстық түрлері үшін маусымдар аяқталады. Бұл кезеңде жүктелердің көлемі азаяды, спортшы негізінен белсенді түрде демалуға ауысады. Қайткен жағдайда да спортшы негізінен белсенді түрде демалуға ауысады. Белсенді демалу таза ауада, табиғат аясында етсе өте дұрыс. Жаттығу кезеңдерін дұрыс ұйымдастыру, бірінен екіншісіне дұрыс ауысып жоғары көрсеткіштер мен үздік нәтижелерге жетуге мүмкіндік туғызады.<ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3 </ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жаттығу кезеңдері|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}