Жаттығу гигиенасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет


Жаттығу гигиенасы, ішкі, сыртқы ортаның, күнделікті күн тәртібін ұстаудың адам организміне тигізетін әсерін әрбір спортшы жақсы білуге тиісті. Ac қабылдау, үй шаруасымен, оқу, қызмет, демалу, ұйықтау уақыты спортшыда барлығы да белгіленген мезгілде орындалуға тиіс. Күн тәртібін ұстамау, бұзу күшті қалпына келтіруге кері әсерін тигізеді. Сондықтан жаттығу мен демалудың арақатынасын ретке келтіріп отыру спортшы үшін өте пайдалы, оның уақытын қалыпқа түсіріп отырады. Оның әрбір күні гигиеналық процедуралардан таңертеңгілік бойжазбадан, сібізгі (душ) қабылдаудан басталады. Күн сайын әр мезгілде ас ішуге 1 -1,5 сағат уақыт кетеді. Жаттығудың дәл қарсаңында ас қабылдаудың пайдасы жоқ, жаттығу кезінде спортшы өзін ауыр сезінеді. Таңертеңгі ас пен жұмыстың басталуының арасы 30-50 мин. түскі ас пен сәл демалуға 1-1,5 сағат уақыт кетеді. Жаттығу өткізу үшін қолайлы уақыт түске дейін 10-14 сағаттың, кешкісін 18-21 сағаттың арасы. Жаттығу жиындары кезінде спортшылардың көңілін аударып жүйкеге демалыс беру үшін мәдени қызметтерге күн сайын 2-3 сағат бөлу қажет. Спортшыға темекі шегу, құрамында алкоголь бар ішімдіктерді ішуге болмайды. Бұлшық еттердегі қан айналымын жақсарту үшін спортшы үлкен жүктемелерден кейін денесін сылатып (массаж жасатып) өзін өзі сылаумен айналысып отырғаны жөн.<ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3 </ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жаттығу гигиенасы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}