Жас Азамат газеті
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
«Жас Азамат» газеті - Петропавлда жарияланып тұрған алашшыл қазақ жастарының тұңғыш газеті. 1918 жылы 30 шілдеде 1-саны шыққан. Бізге белгілі 22-нөмірі 1919 жылы 8 ақпанда жарық көрген. Газетті шығарушы - «Алаш» серіктігі. Басылымның шығу тарихына келсек, 1918 жылы сәуірде Омбыда I жастар сиезі шақырылып, осында бүкіл қазақтың жастар ұйымы «Бірлік» ұйымының негізінде «Жас Азамат» ұйымы болып қайта құрылды. Оның төрағасы - М.Мырзаұлы, басқарма мүшелері - С.Садуақасұлы, М.Сейітұлы, Г.Досымбекқызы, Ә.Байділдаұлы. ұйым аттас газеттің редакторы - Қ.Кемеңгерұлы. «Жас Азаматтың» 1-11 -нөмірлерінің редакторы - осы Қошке. Ал 12-16 нөмірлерінің редакторы - Біләл Малдыбайұлы. 17-22-санының редакторы - қайтадан Қ.Кемеңгерұлы. Газет Алаш козғалысының тынысы ретінде елдік істі хаттауға, түсіндіруге, байыптауға көп жігер жұмсаған. Мұнда Қ.Кемеңгерұлы, С.Садуақасұлы, А.Жантәліұлы, М.Әуезов, Б.Серкебайұлы, Х.Ибраһимұлы т.б. айрықша бүркеншік атпен жазған авторлардың мақалалары жарияланған. Әр нөмірінде Алаш қозғалысының барысынан хабар беріп отырған.<ref>«Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7</ref>
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}