Жас Азамат

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Жас Азамат — 1918 жылы 5–13 мамыр аралығында Омбы қаласында өткен жалпықазақ жастарының съезінде құрылған ұйым. “Жас азамат” ұйымы барлық қазақ жастарын біріктіріп, ұлт мүддесін қорғауды мақсат етіп қойды. Ұйымның басқармасы осы съезде сайланды. Төрағалыққа – М.Мырзаұлы, басқарма мүшелігіне – С.Садуақасов, М.Сейітов, Г.Досымбекова, Ә.Байділдин бекітілді. Ұйымның органы – “Жас азамат” газетінің жауапты шығарушысы болып Қ.Кемеңгеров тағайындалды. “Жас азамат” ұйымы қазақ жастарын Алаш автономиясын қолдауға, кеңестік биліктің орнауына қарсылық танытуға шақырды.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала