Жасұлан Рамазанұлы Ахметов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мағына Үлгі:Infobox Biography Ахметов Жасұлан Рамазанұлы - 1956 жылы 22 қыркүйекте Ақмола қаласында туған. Қазақ.

Әкесі - Ахметов Рамазан Есжанұлы, марқұм. Анасы - Мақшанова Сара Хамидоллақызы, марқұм.

Целиноград инженер-құрылыс институтының автокөлік тасымалы факультетін (1978) инженер-механик мамандығы бойынша; Қазақ мемлекеттік басқару академиясының жанындағы Нарық институтының халықаралық экономикалық қатынастар факультетін (1997) экономист мамандығы бойынша бітірген.

Қазақ, орыс және ағылшын (сөздікпен) тілдерін біледі.

1978-1979 жылдары - Целиноград жүк автобасқармасы Орталық диспетчерлік қызметінің аға диспөтчері. 1981 жылдан - ІІБ ішкі істер органдарында қызметте. 1991 жылдан - «Ынта» шағын кәсіпорыны бастығының орынбасары. 1994 жылдан - ҚР кеден органдарында қызметте. 2004 жылдан - Ақмола облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің бастығы. 2006 жылдан - Астана қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің бастығы.

2008 жылдың қаңтарынан бері - Қостанай облысы Кедендік бақылау департаментінің бастығы.

«Астананың 10 жылдығы» медалімен (2007); ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің 3-ші дәрежелі «ҚР Кеден органдарындағы үздік қызметі үшін» (2004), «Кеден қызметінің еңбек сіңірген қызметкері» (2006), «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмөт істері Агенттігіне Южыл» белгілерімен; ҚР Премьер-министрінің Құрмет грамотасымен (2005) марапатталған; Астана қаласы әкімінің алғыс хатын иеленген (2006).

Әскери атағы - сержант.

Діни көзқарасы - атеист.

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Әлемдегі мықты, өркендеген, құрметті мемлекет; қазақстандықтардың әл-ауқаты жылдан жылға жақсаратын ел, өз азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін саяси тұрақты ел болады».

Хоббиі - автоспорт, футбол.

Сүйіп оқитын әдебиеті - М. Монтень, тарихи әдебиет.

Үйленген. Жұбайы - Ысқақова Гүлзада Тәукішқызы. Ұлдары - Ахметов Әнуар Жасұланұлы, Ахметов Дарын Жасұланұлы; қызы - Ахметова Әлия Жасұланқызы.<ref>Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub