Жасыл күнгелді

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жасыл күнгелді (Сарғалдақтар тұқымдасы) Сырт көрінісі алтай күнгелдісіне түрге жақын, сабақ жапырақ гүлдерінің барынша ұсақ мөлшерімен ерекшеленеді. Басты ерекшелігі гүлдерінің нәзік бозғылт күлгін немесе көгілдірлеу түсті. Бұл түр тек альпі белдеуінің ылғалданған көгал жерлерінде, биік Алтай тауынан Батыс Тянь-Шаньға (Шығыс Қазақстан, Алматы, Оңтүстік Қазақстан облысы) дейін өседі. Гүлдеген күйінде өте тартымды, альпинистердің сүйікті гүлі, олар оны “альпі раушаны” деп атайды. <ref>А. А. Иващенко. Қазақстан өсімдіктер әлемі. Алматыкітап баспасы, 2012.</ref>

Дереккөздер

<references/>