Жарқырауық жануарлар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жарқырауық жануарлар— денесінен сәуле шығару қасиеті бар жануарлар. Бұлар қарапайымдар, құрттар, шаянтәрізділер, жәндіктер, моллюскілер және балықтардың арасында көп кездеседі. Жарық химиялық реакциялар барысында бөлініп шығатын энергияның жылу түрінде шашырап кетпей, жарық шығару қабілеті бар молекулаларды электрондық қоздыруға жұмсалуы нәтижесінде пайда болады. Қозған молекула фотондар бөліп шығарады. Мысалы, жәндіктердің жарық шығаруы үшін люцифериндер деп аталатын ерекше заттардың, оларды тотықтыру үшін қажетті люцифераза ферменті, оттегі, АҮФҚ (аденозин үш фосфор қышқылы) және Mg2+ иондарының болуы шарт. АҮФҚ-ның (яғни АТФ-тың) гидролизденуі кезінде босаған энергия люциферин-люцифераза жүйесін қоздырады да, люциферин жарық шығара отырып тотығады. Жарық шығару механизмі люциферин-люцифераза жүйесіне негізделмеген жануарлар да белгілі. Мысалы, Aequorea медузаларының жарық шығаруы арнайы экварин белогының Ca2+ иондарымен әрекеттесуіне негізделген, бұл реакция оттексіз жүреді. Жануарлардың бүкіл денесі немесе арнайы сәуле шығару органдары сәуле шығаруы мүмкін, соған орай олардың құрылысы да, сәуле шығаруы механизмі де әр түрлі болады. Көп жағдайда жануарлардың сәуле шығаруы олардың денесінде тіршілік ететін немесе жамылғыларында орналасқан симбионттарға байланысты. Өзінің жарық шығару қасиетін жануарлар жемтігін көру немесе еліктіру үшін, жыртқыштардан қорғану үшін, аталықтары аналықтарының назарын аудару үшін пайдаланады. <ref name="source1">"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жарқырауық жануарлар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}