Жарық сүйгіш өсімдіктер

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Гелиофиттер (жарық сүйгіш өсімдіктер) – өсуі үшін тура түскен күн сәулесін қажет ететін өсімдіктер. Мұндай өсімдіктерге бақажапырақ, тұңғиық, балқарағай, акация, қайың, бозкілем, т.б. жатады. Жарық сүйгіш өсімдіктермен көлеңкеде өсетін өсімдіктердің ішкі құрылысында айтарлықтай айырмашылықтар болады. Мысалы, Жарық сүйгіш өсімдіктердің эпидермис клеткаларының қабықшалары қалың және лептесіктері (устьицелері) көп болады. Жапырақ клеткаларында хлоропластар өте көп (50 – 300). Жарық сүйгіш өсімдіктердің жапырақтарының бетінде көптеген ақ түсті түктер, төмпешіктер болады, ол тура түскен күн сәулесін кері шағылыстырып, өсімдіктен судың көп булануына кедергі жасайды.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Geology-stub

ru:Гелиофиты