Жарықтанғыш қөрамдар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жарықтанғыш қөрамдар, люминофорлар — қоздыру энергиясын сіңіру нәтижесінде спектрдің әр түрлі облыстарында жарық шығаратын заттар. Жарықты негізгі заттың өзі немесе негізінен затта жарқырау центрлерін түзетін активатор қоспалары шығаруы мүмкін. Жарықтанғыш қөрамдар бейорганик. және органикалық болып бөлінеді. Бейорганикалық Жарықтанғыш қөрамдарға (фосфорлар) негізінен периодтық жүйенің І және ІІ топ элементтерінің тұздары жатады. Олар Cu, Ag, Tl сияқты ауыр металдармен активтендірілген. Мұндай Жарықтанғыш қөрамдар люминесцент лампаларын, теледидар түтіктерін, радиолокациялық экрандарды жасауда, ал рентгендиагностикада радиоактивті сәуле шығаруды (сцинтилляторлар) тіркеуде пайдаланылады. өзақ уақыт жарық шығаратын қасиеті бар Жарықтанғыш қөрамдар апаттық жарық көздерінде қолданылады. Тұрақты әсер ететін Жарықтанғыш қөрамдарда жарықты қоздыратын радиоактивті заттар болады. Органик. Жарықтанғыш қөрамдар (органолюминофорлар, люминорлар) бейорганикалық Жарықтанғыш қөрамдарға қарағанда тек қатты күйде ғана емес, басқа да агрегаттық күйлерде, сұйық және қатты ерітінділерде де жарық шығарады. Себебі олардың жарық шығаруы молекулалардың химиялық құрылымына байланысты болады. Оларға полициклді ароматты көмірсутектер (n-терфенил, антрацен, стильбен, т.б.), азотты және оттекті гетероциклді қосылыстар (мысалы, оксазол, кумарин туындылары, ксантенді бояғыштар) жатады. Жарықтанғыш қөрамдар қайта құрылатын лазерлердің активті ортасы, оптикалық ағартқыштар, сцинтилляторлар, пластмассалар мен жасанды талшықтарға, т.б. заттарға люминесценттік бояғыштар ретінде қолданылады. <ref name="source1">"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жарықтанғыш қөрамдар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}