Жарып сою

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жарып сою - мал союдан өзгешелеу. Оның екі түрі бар.

  • Біріншісі — тауешкі, бөкен, арқар, бұғы, қаракұйрық қатарлы қоңыр аң бауыздап сойылып, терісі мен еті катар пайдаланылады. Олардың бас терісінен басқа тері бөлінбей, сол күйінде сойылады.
  • Екінші түрі - бауыздамай жарып сойылатындар - бұл арам еттілер тобындағы аю, жолбарыс қатарлы ерекше үлкен аңдарды сойғанда, бүтін дене түркының терісі түгел сыпырылады. Төрт пұшпағы, құйрығы, бас терісі, құлағы мен тұмсық мүйізгегіне дейін теріден бөлінбей бүтін сойылады да, тері түрінің басты мүсінін сақтап, жайылып қойылады. Ал, суыр, борсық сияқты ұсақ аңдардың жөн терілерін пайдалану үшін олар бауырынан жарып сойылады.

Сондай-ақ, құтан, қалбағай тұқымдастарының мамығы кәдеге жарамды болғанымен, еті дәмсіз деп саналады және байлануға аса жарамайды. Керісінше, дуадақ, шіл, ұлар, безгелдік, жорға дуадақ, шыңырау, тарғақ, бөдене, бұлдырық, тауқұдірет тәрізді қыр құстарын саятшылықта олжалауға тырысады. Аңдардың өті, жүрегі, үлпершегі, тісі, тарамысы қатарлы халық емшілігінде қолданатын болігін кесіп, сылып алады. Оның озіндік қағидалары бар. Жыртқыш аңдардың терісін еппен бүлдірмей алып, соғып алған адам өзіне қалдырады. Күнде кездесе бермейтін сілеусін, жолбарыс, аю және бағалы аңның терісін аңшы өзі алады. Иен тұзде соғып алған қасқырды әбден өлтіріп, жаны шыққан соң ғана қанжығасына байлайды.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жарып сою|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}