Жарылқасын Тұрлыбекұлы
Тұрлыбекұлы Жарылқасын (28 Қазан 1942 жылы туған, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы Қосүйеңкі ауылы) – ғалым, медицина ғылымының докторы (1991), профессор (1993). Композитор (бірнеше әндердің авторы). Жұбайы Майдан. Екі қызы Марал жане Нәркес, бір ұлы бар Мирас есімді.<ref>Жиені Ажикеева Гүлнұр</ref>
Қысқаша өмірбаяны:
1967 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын (ҚазҰМУ) бітірген;
1958 – 1961 жылдары Жаңақорған ауданы Талап ауылында медпункт меңгерушісі;
1967 – 1969 жылдары ҚазКСР-і Денсаулық сақтау кіші ғылыми қызметкері;
1972 – 1974 жылдары Алматы мемлекеттік медицина институтында ассистент;
1974 – 1978 жылдары Талдықорған (Алматы) облысының бас эпидемиологы;
1978 – 1996 жылдары Республикалық гигиена және кәсіби аурулар ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер, директордың орынбасары;
1997 жылдан Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясында гигиена кафедрасынын меңгерушісі.
Тұрлыбекұлы 213 ғылыми еңбек бір монография, бір әдістемелік нұсқау жазған. Өнерге бейімділігін де танытып, «Жұлдызым», «Қазағымның байлығы», «Туған жерім – Қаратау», «Мирасым» т.б. әндерін шығарған.<ref name="source1">Қазақстан ұлттық энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер:
<references/>