Жарылқасын Сырманұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жарылқасын Сырманұлы, Аяған (1857, Қызылорда облысы Жалағаш ауданы, Еңбек ауылы — өлген жылы белгісіз, Қызылорда облысы Жалағаш ауданы, Еңбек ауылы) — ақын.


Оны Сыр бойының көптеген ақындары, оның ішінде Шораяқтың Омары да ұстаз тұтқан. Жарылқасынның Айқын қызбен айтысы Қазан қаласында үш рет басылған (1908, 1911, 1913). Кейін “Айтыс” жинағының (1965, 1988) басылымдарына енген. Жарылқасынның осы айтыстан басқа “Тау еліндегі туыстарға”, “Көрпелі мен Көмекке”, “Бекәліге”, “Аламесектегі тамалар”, т.б. өлеңдері бар.

Аяған — Жарылқасынның лақап аты.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}