Жарылқасын Боранбаев
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Жарылқасын Боранбаев 1947 жылы 23 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Алғабас (қазіргі Бәйдібек) ауданының Ақбастау ауылында туған.
- Шымкент қаласындағы N912 мектеп-интернатта білім алған.
- 1972 жылы Шымкент педагогика институтының тіл және әдебиет факультетін тамамдаған.
- 1972—1994 жылдар аралығында Халық ағарту саласында еңбек еткен.
- 1995 жылдан Созақ аудандық «Молшылық үшін» газетінің редакторы болып қызмет атқарды.
Шығармалары
Ақынның «Жанартаулар», «Гүлдесте», «Жылы жақтың жаңбыры», «Мәңгілік өмір», «Мазасыз әлем» жыр жинақтары, «Баба түкті шашты Әзиз әулие» тарихи-танымдық кітаптары жарық көрген. <ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}