Жарылқап Қосқұлақұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қосқұлақұлы Жарылқап (1860, Қызылорда облысы Қармақшы ауданы — 1925, сонда) — ақын. Жас кезінен қисса-дастандарды, батырлық және ғашықтық жырларды жаттап өскен. Ақынның сол кездегі Ақмешіт уезінің бастығы Маясар мен Сұлтан биге өзінің кедейлігін шағынып айтқан “Ақмешіт жақсыларына” деген ұзақ өлеңі сақталған. Ақын арнау, т.б. өлеңдермен қатар, дастан да жазған. Жарылқаптың діни аңыз негізінде жазған “Қақпанға түскен киіктің хикаясы” атты дастаны сақталған. Ол 1915 — 1916 жылы орынборлық Молдабай деген ақынмен жазба айтысқа қатысқан. Жарылқап шығармаларын жинауға Ә.Қоңыратбаев, Үбісұлтан Аяпов, Ұлама Себепов, Үбіжар Толыбеков, Меңліаға Сәлменбаев, т.б. ат салысты. Жарылқап шығармалары Орталық ғылыми кітапхана қорында сақтаулы тұр.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}