Жартас ескерткіштері

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Жартас ескерткіштеріқола, ерте темір дәуірлері және орта ғасыр ескерткіштерінен тұратын зират, Шығыс Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы, Гагарино ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 2-2,5 км жерде, Ертіс өзенінің сол жағалауынан 1 км қашықтықта орналасқан.

Сипаты

1980 жылы Шүлбі археологиялық экспедициясы (жетекшісі З. Самашев) зерттеген.
Андроново мәдениетінің орта кезіне жататын қола дәуірінің ескерткіштері (III ғ.) оба пішіндес, олардың орталығында, таяз шұңқырда тастан қаланған тікбұрышты табыттар қойылған. Оларда мүрделер қырымен, басы оңтүстік-батысқа қаратылып, аяқтары бүгілген қалпында жерленген. Мүрделердің жанынан саздан жасалып, геометриялық өрнектермен оюланған ыдыстар, әр түрлі әшекейлер табылды.
Екінші топтағы ескерткіштерді – Алтай түркілерінің ерте темір дәуіріндегі Құлажорға мәдениетіне жататын қорғандары құрайды. Бұл қорғандардың құрылымдық ерекшеліктерінің бірі – көр шұңқырларының төменгі жағы қоңырау тәріздес кеңейіп келуінде. Мұнда да мүрделерді аяқтары бүгілген қалпы, оң жақ қырымен жатқызып, бастарын шығысқа қарата жерлеген. Мүрдемен бірге жылқы, саздан жасалған ыдыстар, сүйектен жасалған садақ ұштары, т.б. қойылған.
Үшінші топтағы ескерткіштерге XIX-X ғасырлардағы қимақ қорғандары жатады. Олардан қылыш, сауыт жұрнағы, бірнеше темір садақ ұштары, ауыздық, белбеу айылбастары, сүйектен істелген садақ жапсырмасы, үзеңгі табылды.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Әдебиет

  • Археологические памятники в зоне заполнения Шульбинской ГЭС, А.-А., 1987.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер