Жарма құдық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жарма құдық. Бүкіл ауыл болып қазатын құдық. Жарма құдықтың артықшылығы одан су тартып әуреленбейді. Жарма құдық қазылатын жердің ені әдетте 15-20 метр, ал ұзындығы су көзінің деңгейіне байланысты 20 метрден 50 метрге дейін жететін болған. Қазуды екі шетінен бастап, біртіндеп тереңдете берген. Екі жақтың түйіскен ең терең жерінен су шығып, суы табанының бетімен бірдей болып жатады. Малды суару үшін қазылған жердің бір жағынан топтап айдап, табанындағы судан қанып ішіп болған соң екінші жағынан айдап шығаратын болған. <ref> "Созақ өңірі". Сүлеймен Тәбірізұлы. 252-бет. - Алматы: "Дәуір" баспасы, 2007 ж. ISBN 9965-749-84-1.</ref>

Дереккөздер

<references/>