Жарлысу петроглифтері
Жарлысу петроглифтері (қола дәуірі) – Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археологиялық ескерткіш.
Орналасқан жері
Тұрар Рысқұлов ауданы, Жарлысу ауылының оңтүстігінде 7,8 км жерде, Жарлысу өзенінің оң жағалауында орналасқан.
Сипаты
2011 жылы Ескерткіштер Жинағы экспедициясы (С. Пәрменқұл, Ш. Құдабаев) зерттеген.
Петроглифтер үлкен аңғардың бойында орналасқан қойтастарда 1 км арақашықтықта кездеседі. Суреттердің басым көпшілігі топтап және жекелеп салынған тауешкі, бұғы мен ит бейнелерінен тұрады. Араларында түйелердің суреттері кездеседі. Таста суреттер сызықтық тәсілмен салынған. Суреттер өлшемі – 5х8 см, 10х14 см. Тас беттері қоңыр түске ысталған.<ref>С25 Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы. Жамбыл облысы. – Алматы: РМК "ММЕ ҒЖЗИ", 2002. – Т.2. – 364 б, карталар, ил. ISBN 9965-13-615-7</ref><ref>Жамбыл облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің Жинағы. Тұрар Рысқұлов ауданы. – Алматы, 2011. 268 б. ISBN 978-601-7253-10-3 </ref>