Жарасбай Нұрқан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жарасбай Нұрқан - 1937 жылы 22 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданының Көктерек ауылында туған. 1960 жылы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультетін тамамдайды. Көп жылдар өлкелік, облыстық, республикалық баспасөзде жұмыс істеп, журналистік қызмет атқарды. 1981 жылдан баспагерлікке ауысып, «Өнер» және «Жазушы» баспаларында аға редактор болды. 1987 жылдан бірыңғай шығармашылықпен айналысады. Шығармалары: Қара көздер. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1966; Нұрлы терезе. Өлеңдер мен поэма. А., «Жазушы», 1971; Алтын десте. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1977; Арманым менің. Өлеңдер. А., «Жалын», 1980; Терең барлау. Өлеңдер мен поэмалар. «Жазушы», 1987. Күй толғақ. Әңгімелер мен повестер. А., «Жазушы», 1972; Күтумен өткен ғұмыр. Әңгімелер мен повестер. А., «Жазушы», 1974; Бір ғана махаббат. Әңгімелер мен повестер. А., «Жазушы», 1982; Өзендер өрнекте-ген өлке. Тарихи-этнографиялық эссе. А., «Жалын», 1984; В ожиданий. Роман. А., «Жалын», 1985; Ерлі-зайыптылар. Роман.А., «Жазушы», 1987; Жаужағадан алғанда. Роман. А., «Жалын», 1993; Әйел жолы - жіңішке. Әңгімелер мен повестер. Роман. «Жалын», 1998; Ой ұшқын. А., 2003.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref><ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}