Жан сақтау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жан сақтау — тіршілік етіп өмір сүру, күнелту. Адам сан қилы әрекеті арқылы тіршілік етуге бейімделіп, өзін сақтайды. Қажетті заттар өндіреді, пайдасына жаратады. Жан сақтау түсінігінің синонимі ретінде қолданылатын сөз тіркестері "жан сауғалады", "жан сауғалаушылық", "жан саялады" дейтін ұғымдар. Жан сауғалау — қауіп-қатерден аулақ болып қашқалақтау, жеке басын қорғау. Жан сауғалаушылық, жан сақтаушылық, амалдап күнелтушілік. Жан саялаудың мәні де жан сауғалап қорғану әрекетін білдіреді. Психологиялық тұрғыдан жан сақтау ұғымы адамның әр алуан әрекеттері арқылы белгілі іс-қимылдарын білдіреді. Мұндағы әрекеттердің физиологиялық негізі жоғары жүйке қызметіндегі қорғаныс рефлексіне байланысты.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}