Жан жылуы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жан жылуыпсихологиялық тұрғыдан қарағанда адамдардың өзара қарым-қатынасында біріне-бірінің камқорлық көрсетіп, мейірімділігімен ықылас-ынтасынан айқын байқалатын жайттар. Ой ішінде, отбасындағы адамдардың біріне-бірінің жанашырлықпен қарап, өзара сыйласымдық пен құрметтеу сезіміне байланысты болып отырады. Үй ішіндегі ересектердің кішілеріне қамқорлық жасап, оларға тағыным берерлік ықпал етуі, үйдегі балалар мен жасы кішілердің ата-аналарына, үлкендердің ақыл-кеңесін тыңдап, оларға шама-шарқы жеткенше көмектесіп отыру жалпы отбасы мен ағайын-туыс адамдар арасындағы сүйіспеншілікті жан жылуы жандандыра түседі. Ата-аналарының перзенттерін болашак ұрпағым мен өмірімнің жалғасы деп санап, олар жайында қамқорлық көрсету де жан жылуын маздата түседі. "Балым, балым, Баланың баласы — жаным" дейтін мақал жан жылуы көрсетудің шарықтау шегін білдіретін туған әке-шеше мен ата-әжелер, балалар мен немерелер арасындағы сүйіспеншілікті нығайтып, адамдардың жан дүниесін шаттық пен махаббатқа бөлейді. Жан жылуының көрінісі ұжым ішіндегі адамдар арасында да, қызметтес жора-жолдастар арасында да ерекше адамдардың рухани өмірін байытатын психологиялық қуатты фактор.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}