Жан беру

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жан беру <ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref> — қазақ халқының дәстүрлі құқықтық мәдениетіндегі куәлікке жүрудің ерекше түрі. Әдетте, даулы мәселеде айыпты адамды жазаға тарту үшін айғақ жетіспегенде куәгердің көргені, заттай айғағы, дәлелі есепке алынады. Бірақ кейде ондай дәлел, айғақтың да шешім шығару үшін сенімді болмауы мүмкін. Мұндай жағдайда қылмыс істеген адамның ақтығына, кінәсіз екеніне көзі жеткен адам өзінің “басын тігіп” куәлікке жүреді. Кей жерлерде мұны “күмәнға шығу” немесе “кепілге шығу” деп те айтады. Ауыр жазаға, тіпті, кейде өлім жазасына кесілетін адамның ақтығын дәлелдеу үшін бір адам жан беруге шешім қылады. Бұл жазаға ілігіп тұрған адамның ақтығына ант беру деген сөз. жан беруші адам би, молдалар алдында кебін, яғни ақ киініп, қабір басына барып, кейде қабірдің ішіне түсіп, немесе өлікке құрған шымылдыққа кіріп, жазаға тартылған адамның ақтығына “Құран ұстап жанымды беремін”, “өтірік айтсам Құдай тапсын”, “иманым бұйырмасын”, “аруақ соқсын” деп ант береді. Халық арасында мұны жан беру деп айтады. Халық жан беруші өтірік куәлік берсе, ол сол жерде өліп кетеді деп түсінген. Жан беруден кейін істің ақтығына ешқандай күмән қалмайды, айыпты жазадан босатылады. Куәлікке жүрудің мұндай түрі дәстүрлі қазақ қоғамында сирек кездескен.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}