Жанышқан тары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жанышқан тары. Ақтаған тарыны келіге салып сүтке, майға қаймаққа жанышады. Кейде жанышқан тарыға қант, мейіз қосады. Тары шұжық. Ақтаған тарыға ет,ұсақтап тураған өкпе-бауыр, ішек-қарын қосып шұжық айналдырған. Сол сияқты ақтаған тары, күріш немесе олардың жармасын қосып бүрме, жұмыр, үлпершек, қарта айналдырған, сондай-ақ семіз өңештер, қолқалар, жөргемдер жасаған. Қаймақтан сарымай айырғанда іркіліп шығатын қышқыл сүт. Оны кейде шайқаған майды шынылау үшін суық суға салып сығымдаған, одан қалған сүтті май сүтінін шалабы деп, кей жерлерде май шалап деп атаған.

Дереккөздер

<references/>

1. Қазақ халқының ұлттық тағамдары кітабы,Атамұра 2011ж.

2. ↑http://kitaptar.com/